Главная О кафедре Поступление Специальности Новости Документы Контакты
АРТЫҚШЫЛЫҚТАР · TOU

Екі жол. Бір шешім.

ToU-дың екі түлегі. Бірдей диплом. Әртүрлі тағдыр. Қазіргі шешімің 5–10 жылдан кейінгі өміріңді анықтайды.

Сен ToU-да оқисың. Қазіргі шешімің — 5–10 жылдан кейінгі өміріңнің негізгі нүктесі.

ЖОҒАЛТУ ЖОЛЫ

Әскери кафедрасыз

20–23

Диплом қолыңда — «бонус» ретінде шақыру қағазы келуі мүмкін. Мерзімді қызмет ≈ 1 жыл. Мансап күте тұрады, старт кейінге шегеріледі.

23–25

Қайттың — офицер мәртебесі жоқ, артықшылық жоқ. Күштік құрылымдар мен мемқызметте бәсеке қатты. Көбіне мамандықтан тыс жұмысқа тура келеді.

30+

Тұрақтылық пен жеңілдіктер аз. Зейнет — жалпы негізбен, шамамен 63 жаста. Әлеуметтік пакет шектеулі.

Қорытынды: жоғалған жыл, кешіккен старт, артықшылықсыз жол.
ОФИЦЕР ЖОЛЫ

ToU әскери кафедрасымен

20–23

Оқумен қатар — әскери дайындық. Бітіруде қолыңда екі құжат: өз мамандығыңның дипломы + әскери билет (лейтенант / сержант запасы). Қатардағы мерзімді қызметтен құтылу мүмкіндігі.

23–25

ҚНБ, ІІМ, Прокуратура, ТЖМ, мемқызмет — мұнда басымдық сезіледі. Әскери білім + тәртіп = күшті старт. Қаласаң — негізгі мамандығың бойынша да сенімді жүресің.

30+

Күштік құрылымда қызмет етсең — тұрақты жалақы, соцпакет, тұрғын үй қолдауы, ертерек зейнет мүмкіндігі. Лейтенант/сержант болып тәжірибе жинасаң — негізгі мамандығыңа да сенімді ораласың: тәжірибе + өсу қабілеті бар.

Қорытынды: билет + звание, күшті старт, тәжірибе және ашық жол мамандыққа.
Кафедраға құжат тапсыру

Әскери істі оқудан қол үзбей меңгер. Строевая, теория, симулятордағы атыс практикасы. Негізгі мамандықпен қатар офицер немесе сержант званиясын ал.